
Жастардың ертеңі қандай?
Бүгінгі жастар – ертеңгі ел тірегі. Ал олардың еңбек нарығындағы орны, қоғамдағы белсенділігі мен кәсіпкерлікке, спортқа деген қызығушылығы қандай деңгейде? Осы және өзге де өзекті сұрақтар облыстық «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің студиясында өткен «Жастардың ертеңі қандай?» подкастында жан-жақты талқыланды.
Подкаст қонақтары – Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Халықты жұмыспен қамту және көші-қон бөлімінің бас маманы Дина Әбішева, қоян-қолтық ұрыстан облыстың аға жаттықтырушысы Хайдар Есенғалиев және жеке кәсіпкер, қоғам белсендісі Арыстан-Баб Құрмаш болды.
Подкасты облыстық «Атырау» газетінің шолушысы Алмас Қабдол жүргізді.
Подкастың толық нұсқасын газеттің алдағы нөмірінен және YouTube арнасынан көре аласыздар.
А.БАУЫРЖАНҰЛЫ
