Фонограммаға тосқауыл керек!

Screenshot 3 1 "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Қазақ эстрадасындағы өнерге шын жанашыр ретінде «Атырау» газеті көтерген «Арбау мен алдау немесе қазақ эстрадасындағы жасандылық» тақырыбындағы мәселеге орай мен де үн қосқым келді.

Screenshot_3

Шындығында, фонограмма жас буынның өнерге деген құлшынысын төмендетеді. Өзінің табиғи дауысынан айырып, жасандылыққа бет бұруға себепші. Бұл жағдай өнерді алға сүйремесі анық. Сондықтан, эстрададағы фонограммадан арылу үшін бізде нақты заң бекітілуі қажет. Өйткені, мәселеге орай қанша жерден жар салсақ та, сахнада өзін әнші санап жүргендер оған құлақ аспайды. Сенатта көтерілген фонограммаға тосқауыл қою мәселесі көп ұзамай шешімін тапса екен.

Қазір көп әншілер «сахнада табиғи дауыспен ән айтуға мүмкіндік жоқ. Соның салдарынан фонограммаға бет бұруға тура келеді» деп жатады. Бұл пікірге мен мүлдем келіспеймін. Бұрын расымен де солай ма деуші едім. Өзім сахнаға шыққан кезден бастап әншілердің бұл пікірді өзін алдаусырату үшін қолданатынын түсіндім.

Бүгінде шын таланттарға табиғи дауыста ән салуға мүмкіндік өте көп. Оған талай гастрольдік сапарларда көз жеткізіп жүрміз. Сондықтан, фонограммамен ән айту тек тыңдармандарды арбап, алдаушылардың әрекеті деп түсінбеске амал жоқ.

Айбар ҒАНИҰЛЫ,

Н.Жантөрин атындағы

облыстық филармонияның әншісі.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз