Жарнама
Әлеумет

Үміт отын жаққан орталық

Қазіргі қоғамда әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде көмек көрсету – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанынан құрылған «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қысқа уақыт ішінде тұрғындардың сеніміне ие болып, көптеген отбасы мен азаматтарға нақты көмек көрсетіп келеді.

2535222a 1891 40b6 841b 1b48b56b93b7


​Бұл орталық Қазақстан былтыр қалалық әкімдіктің қаулысымен құрылған болатын. Оның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды, көпбалалы және толық емес отбасыларды, сондай-ақ мүгедектігі бар жандарды құқықтық, психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан қолдау, отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайту бағытында кешенді қызмет көрсету.
​Орталыққа жүгінген әрбір азаматпен әңгімелесу арқылы олардың мұқтаждықтары анықталып, жеке жағдайына қарай тиісті мамандардың (психолог, заңгер, әлеуметтік қызметкер) кеңестері беріледі. Ал мәселесі күрделі болған жағдайда мобильдік топ араласып, азаматтың немесе отбасының мекенжайына барып әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерделеп, жеке көмек жоспары әзірленеді.

8e2e402d 6393 479d 90cb afcd34dea5d8


​Биыл 22 шілдеде Атырау қаласы әкімінің өкімімен арнайы мобильдік топ құрылды. Оның құрамына денсаулық сақтау басқармасы мен емханалардың психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері, білім бөлімі мен мектептердің әлеуметтік педагогтері мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ полиция департаментінің, пробация қызметінің, учаскелік инспекторлардың өкілдері енді. Бұл топтың жұмысы орталық қызметкерлерімен бірлесе жүргізіліп, пробация есебіндегі және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың мекенжайларында әлеуметтік жағдайларын анықтау, тиісті көмек түрлерін ұсыну бағытында нәтижелі жұмыс атқаруда.
​Бүгінде «Отбасын қолдау орталығы» 284 тұлғамен кешенді сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп отыр. Оның ішінде 61 адам тікелей орталыққа өздері жүгінсе, 223 адамның деректері пробация қызметі арқылы FSM Social ақпараттық жүйесіне енгізілген. Солардың қатарынан 68 азаматтың сұранысы толық қанағаттандырылды. Атап айтқанда 18 адамға біржолғы әлеуметтік көмек төленді, 7 адам азық-түлік себетімен қамтылды, 10 адам психологиялық кеңес алды, 13 адам жұмыссыздық есебіне ресми тіркелді, 9 адам тұрғын үй кезегіне қойылды, тағы 9 азаматқа бұғатталған есепшоттарын ашуға түсінік берілді. Сонымен қатар наркологиялық және жергілікті емханаларда ем алып жүрген тұлғаларға да қолдау көрсетілді.

58228b3a e861 4239 92a7 58053666e823


Бұдан бөлек, демеуші мекемелердің көмегімен 31 отбасы азық-түлік себетімен қамтамасыз етілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматтардың да мәселелері назардан тыс қалған жоқ. Олар «Дағдарыс орталығы» мен «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа» орналастырылды. Сондай-ақ «111» байланыс орталығы арқылы түскен өтініштер орталық қызметкерлерінің бақылауына алынып, әрқайсысына дер кезінде көмек көрсетілді.
​Орталық тек жекелеген азаматтарды қабылдаумен шектелмей, түрлі мекемелер мен қоғамдық ұйымдармен бірлескен форматта «Ашық есік күндерін» де өткізіп келеді. Мұндай іс-шараларда психологтар мен заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
​Орталық директоры Шолпан Қоңырованың айтуынша, мұндағы ең басты мақсат – әрбір отбасына уақытылы көмек көрсету, олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау.
​– Біздің орталыққа келген әрбір адамға жай ғана кеңес беріп қайтару емес, оның өміріндегі нақты қиындықты шешуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру – басты міндетіміз. Қазірдің өзінде көптеген азаматтар әлеуметтік, құқықтық және психологиялық тұрғыда нақты көмек алды. Бұл жұмыс алдағы уақытта да үздіксіз жалғасады. Біздің міндет – әр отбасының өмірінде жылулық пен сенім ұялату. Бұл тек әлеуметтік қолдау емес, адам тағдырына жанашырлықпен қарау, — дейді Шолпан Құрметқызы.

​Оның айтуынша, алдағы уақытта да «Отбасын қолдау орталығының» қызметкерлері өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау бағытындағы жұмыстарын күшейтіп, әлеуметтік әріптестіктер аясында жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
​Қорыта айтқанда, «Отбасын қолдау орталығының» қызметі – қоғамдағы өзара қамқорлық пен әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Мұнда атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы отбасының берекесін сақтап, әрбір азаматтың өмірінде сенім мен үміт отын жағуға бағытталған. Алдағы уақытта да орталық ұжымы әлеуметтік серіктестермен бірлесе отырып, тұрғындарға қолдау көрсетуді жалғастырып, жаңа жобаларды іске асыру арқылы қоғамның әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қоса бермек.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button