Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Жарнама
Әлеумет

Тауарлы балық өндірісі өрістеп келеді

Облысқа жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы және «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев Махамбет ауданының Талдыкөл ауылында орналасқан «А-Дана» ЖШС-нің балық өсіру зауытына тоқтады.

Бұл кәсіпорын кәсіпшілік балық пен оның шабақтарын өсіруге маманданған. Жоба жетекшісі Ернұр Жамаубаев кәсіпорынның іске қосылуға дайындық деңгейі, оның өндірістік қуаты мен мүмкіндіктері, заманауи технологиялардың қолданылуы және алдағы жоспарлары жайлы айтты. Кездесу кезінде балық шаруашылығы саласына көбірек қолдау көрсету қажеттігі, алдыңғы жылғы көктемгі су тасқынының салдарынан кәсіпорынға келтірілген материалдық залалдың орнын толтыру немесе шығынды өтеу  мәселесі көтерілді.

Сондай-ақ Мәжілісмен орта ғасырдағы Алтын Орданың астанасы болған Сарайшық қалашығының орнын аралап көрді. Республикалық «Сарайшық» мемлекеттік музей-қорығына, Сапар орталығына бұрылып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты. Одан соң облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Махамбет орман шаруашылығы мекемесінде болып, ұжым мүшелерімен жүздесті.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button