Жарнама
Әлеумет

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 25,7 трлн. теңгеден асты

Қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтары өсіп келеді. 2025 жылғы қазан айының соңындағы мәлімет бойынша, қордағы жалпы қаражат көлемі 25,73 трлн. теңгеден асты. Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 21,5 пайызға артқан.

Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, жинақ құрылымы төмендегідей:

  • Міндетті зейнетақы жарналары – 24,4 трлн. теңге;
  • Міндетті кәсіби жарналар – 726,9 млрд. теңге;
  • Ерікті жарналар – 9,47 млрд. теңге;
  • Жұмыс берушілердің міндетті жарналары – 596,2 млрд. теңге.

2025 жылдың басынан бері қордан шамамен 1,4 трлн. теңге төленді. Оның ішінде тұрғын үй мен емделуге бағытталған төлемдер 823,8 млрд. теңгені, жас ерекшелігі бойынша төлемдер — 181,8 млрд. теңге, ал мұрагерлік төлемдер — 50,5 млрд. теңге.

Орташа айлық зейнетақы төлемі 35 691 теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4 пайызға жоғары. Ал ең жоғары зейнетақы көлемі шамамен 1 миллион теңгеге жетті.

Мамандардың айтуынша, зейнетақы жинақтарының өсуі азаматтардың табыс деңгейінің артуы мен жұмыс берушілердің жарналарды тұрақты аударуымен байланысты.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button