Жарнама
Әлеумет

Атырауда тұрғын үй қатынастары туралы заңға енген өзгерістер түсіндірілді

Өңірге құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің жұмыс тобы іс-сапармен келді. Олар «Қазақстан Республикасындағы Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кездесуге жергілікті атқарушы орган өкілдері, коммуналдық мекеме басшылары, мүлік иелері бірлестігі төрағалары, пәтер иелері кооперативінің және басқарушы ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиында 2025 жылдың 15-ші қыркүйегінде тұрғын үйді басқару жүйесіне енгізілген өзгерістер, яғни, пәтер иелері кооперативінің басқару субъектісі ретіндегі мәртебесі, мүлік иелері бірлестігінің құрылымы мен қызметі, сондай-ақ төрағаның өкілеттік мерзімінің үш жылға ұзартылғаны айтылды.

-Жаңа заң — бұл салада басқару мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Өзгерістерге сәйкес енді типтік жарғыға сай жұмыс істелуі керек, одан басқа бағытта әрекет етуге мүмкіндік жоқ. Біздің мақсатымыз — халыққа түсіндіру жұмыстарын кеңінен түсіндіру,- деді «ТҮКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ кеңесшісі Марғұлан Әбдікәрімов.

Кездесу барысында тұрғын үй-коммуналдық саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button