Жарнама
Әлеумет

Атырауда 1 500-ге жуық адам отбасын қолдау орталықтарына жүгінді

Атырау облысында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік, психологиялық және заңдық көмек көрсету бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Өңірде өткен жылы Атырау қаласы мен 7 ауданда құрылған Отбасын қолдау орталығы өз құзыреті аясында мұқтаж жандарға кешенді қолдау көрсетіп келеді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2025 жылдан бері аталған орталықтарға 1500-ге жуық адам хабарласып, екі мыңнан астам қызмет түрі көрсетілді. Олар шағын бизнес ашуға, қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алуға, әлеуметтік көмек пен жәрдемақы рәсімдеуге, тұрғын үй алу кезегіне тұруға, балаларды мектеп пен балабақшаға орналастыруға, сондай-ақ психологиялық және заңгерлік кеңес алуға бағытталды. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар жандармен жеке жұмыс жүргізіліп, медиаторлар арқылы жанжалдарды шешу тетіктері қолданылуда.

–Қиын жағдайдағы отбасыларды анықтау және оларға тұрақты қолдау көрсету мақсатында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер және пробация қызметі мамандарынан құралған мобильдік топтар жұмыс істеуде.

Халық арасында отбасы саясатын насихаттау үшін әлеуметтік желілерде ақпараттық посттар жарияланып, баспасөз конференциялары мен телесюжеттер ұйымдастырылды,- деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тілекқабыл Байдошев.

Отбасын қолдау орталықтары мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істейді. Қазір 174 адам орталықтардың сүйемелдеуінде тұр, олардың 161-і мобильді топтардың жұмысы нәтижесінде анықталған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button