Жарнама
Әлеумет

Әлеуметтік қолдау көлемі артады

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер 10%-ға индексацияланады.

Бұл туралы республика Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Тиісті қаулының жобасы ашық талқылау үшін жарияланып, 20 қазанға дейін қоғамдық пікір қабылданады.

Министрліктің мәліметінше, индексация әлеуметтік төлемдер алушылардың табыс деңгейін сақтауға және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Еске салайық, 2025 жылы да осы екі төлем түрі 6,5%-ға артқан болатын.

Қ.ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button