ДӨҢГЕЛЕНГЕН ДҮНИЕ ДҮБІРГЕ ТОЛЫ

ОРМАН ӨРТІ ӨРШІП ТҰР

АҚШ-тың Айдахо штатының орталық бөлігінде орын алған орман өртінің салдарынан осы аймақты мекендейтін 2250 мың үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.
Жергілікті атқарушы билік таратқан ақпараттар бойынша «тілсіз жаудың» жалыны 400 шаршы метрге жайылып, ондаған нысан отқа шалынған. Қазіргі уақытта күннен-күнге өршіп тұрған алапат өрттің әлі де 5000-нан астам тұрғынды баспанасыз қалдырып, 3707 құрылыс нысанын от жалмайтын түрі бар. Ал,тұтастай алғанда өрттен келер материалдық залалдың көлемі 8 млрд.АҚШ долларын құрайды.

 

ҚАМАҚТАН ҚАШУ ЖАЛҒАСУДА

Индонезияның Суматра аралындағы 300 адамға есептелінген түрмеге 870-ке тарта тұтқын қамалған.
Мұндағылардың тұрмыс-тіршілігінің жан төзгісіз жағдайға жетуіне байланысты түрмедегілердің жаппай қашуы басталған. Олар қамақ қызметкерлеріне бас салып, күзет бекеттерін өртеген. Қазіргі мұндай оқиғаның орын алу себептері жан-жақты зерттеліп, зерделеніп, қашқындардың жеке бастарына байланысты дерек-дәйектер анықталуда.

БИЛІК ПАРТИЯСЫ
ДАҒДАРЫСТАН АЛЫП ШЫҒАДЫ

Тунистің «Ан-Нахда» билік партиясы алдын ала шарт жасамай-ақ елдегі өткір тұрған саяси дағдарыстың бетін тойтару үшін оппозициялық күштермен келіссөз жүргізуге әзір екендігін мәлімдеді.
Партияның жетекшісі Рашид Ганнушидің айтуынша, бұдан былай «Ан-Нахда» кабинеттік жүйеден шығып, елде исламшыл ұстанымдағылардан құралған жаңа да жаңашыл Үкіметті қалыптастыруға атсалыспақ. Ал, «Ұлттық құтқару майданы» қозғалысы мен «Тунис үшін одақ», «Халықтық майдан». т.б.болса жаңа Үкіметтің технократтардан құралғанын қалайды.

Дайындаған Дәулетқали АРУЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз