Алпауыт та пайдадан қағылды

АҚШ-тың автомобиль шығаратын ірі компаниясы, осы саладағы әлем алпауыттарының бірінен саналатын «General Motors» үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында пайдадан қағылды.

Бұл туралы дайындалған баспасөз баянында келтірілгеніндей, есепті мерзімде аталмыш кәсіпорынның таза табысы бірден 700 млн.долларға немесе акцияның 45 центі деңгейіне дейін құлады. Сөйтіп, бұл сома салыстырмалы түрде түскен пайданың 1,5 млрд.долларын немесе 89 центін құрады. Біржолғы факторларды есепке алмағанда, авконцерннің табысы 96 пайыз, кірістері 39 млрд. мөлшерінде болып, өткен жылдың сәйкесті кезеңіндегі көрсеткіштен көп кемімегендігіне қарамастан, әнебір көтерілмеді. Сөйтіп, азуын айға білеген автоалпауыттың да өрісі тарыла бастады.

 

Дайындаған  Дәулетқали  АРУЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз