Жарнама
Әдебиет

«Үнсіз айқайлау» түрік тілінде жарыққа шықты

Сәулеш Шәтенова – қазақ әдебиетінің өрісін кеңейтіп, руханият әлеміне өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер. Ол – Мәдениет қайраткері, Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жылыой ауданының Құрметті азаматы. Республикалық жыр мүшайраларының жеңімпазы ретінде де көпшілікке жақсы таныс.

Оқырман қауым оны ең алдымен нәзік те терең лирикалық жырларымен біледі. Оның «Сәулелі сәт», «Күн тозаңы», «Жазуымды тұрады ылғи Күн оқып» атты үш өлең жинағы жарық көріп, әдеби ортадан жоғары бағасын алған. Ал соғыс жылдарындағы тағдырлы тарихты арқау еткен «Алыста қалған Ауғанстан» кітабы – автордың публицистикалық һәм деректі прозадағы өзіндік ізденісін көрсететін ерекше еңбек. Сонымен қатар түркі дүниесіндегі әдеби байланыстарды нығайту мақсатында жарық көрген «Көкжалдар» атты халықаралық антологияға ақынның бір топ өлеңдері енген.

saulesh 2

Республика күні қарсаңында Сәулеш Шәтенованың шығармашылық жолы тағы бір сүйінші жаңалықпен толықты. Оның тұңғыш «Үнсіз айқайлау» атты прозалық шығармалар жинағы түрік тіліне аударылып, Түркияның Стамбул қаласында жарық көрді. Кітапты түрік тіліне аударған – белгілі аудармашы Ашур Өздемир. Бұл еңбек түрік оқырмандарға қазақ жазушысының ішкі әлемін, ұлттық болмысты, адам жанының терең иірімдерін танытуға жол ашады.

«Үнсіз айқайлау» кітабы қазір Түркиядағы халықаралық кітап көрмесінде көпшілік назарына ұсынылып отыр. Бұл – қазақ әдебиетінің шекара асып, түркі әлемінде жаңа оқырманға жол тартуының айқын көрінісі.

Қаламгерді жағымды жаңалығымен қызу құттықтай отырып, шығармашылық шабыт пен жаңа табыстар тілейміз! Оның туындылары әлі талай оқырман жүрегіне жол табары сөзсіз!

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button