Жарнама
Әдебиет

Атырауда ақын Бауыржан Халиолланың шығармашылық кеші өтті

Махамбет атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және халықаралық ақын-жыршылар одағының мүшесі Бауыржан Халиолланың “Ағымнан ақтарылсам” атты шығармашылық кеші өтті. Облыс әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл кешке зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, өнер сүйер көрермендер жиналды.

8142a335 5239 4739 9797 8c15dd819bbc

Бұл шығармашылық кештің негізгі мақсаты ел мәдениетінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан, поэзия мен өнердің өрінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған Бауыржан Халиолланың өнегелі өмір жолын, қоғам алдындағы абыройлы еңбегін дәріптеу болды. Кеш барысында қаламгердің поэзиясына арқау болған лирикалық толғаныстары, туған жер мен руханиятқа арналған жырлары оқылды. Ақын көрерменмен сыр бөлісіп, оның сөзіне жазылған әндер де шырқалып, кештің мазмұнын байыта түсті.

1923b16c 0759 4633 add2 6b5aabf2a4ce 1

Шарада белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері қатысып, ақынның шығармашылық биігі мен адами болмысы жайлы жылы лебіздерін білдірді. Кештің концерттік бағдарламасына «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жастан Есентеміров, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Қайрат Кәкімов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жаскелең Ғайсағалиев секілді өнерпаздар қатысып, көрерменге әсем өнер тарту етті.

f974f4d0 3d13 4747 9a82 7dde4f864ebe 2

Жырға ынтық көрермен ерекше рухани әсер алып, поэзия әлемінің тереңдігі мен құдіретін тағы бір мәрте сезінді.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button