img 20201205 wa0074

Атырауда қайырымдылық акция өтті

Адамгершілік айнасы Жаңалықтар
4 / 100

«Довира» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті.

Атырау қаласының белгілі тұрағы жоқ бейімдеу орталығында «Довира» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті. Қайырымдылық акциясының басты мақсаты – жастарға рухани тәрбие беру, оларды игі істерге жұмылдыру арқылы гуманистік идеяларды насихаттау.

«Довира» этномәдени бірлестігінің төрайымы Синицына Виктория Викторовнаның айтуынша, орталық бүгінгі таңда 200-ден аса отбасыға көмек қолын созып үлгерген. Осыған дейін өңірде түрлі іс-шараларды өткізіп келеді. Солардың бірі «Из рук в руки» қайырымдылық акциясы жыл сайын өтетін озық дәстүрге айналған.

Ересектерге арналған әлеуметтік бейімдеу орталығында өткен бұл акцияның жөні бөлек. Себебі, «Довира» ұжымы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға аяқ киім, бас киім, қысқы киімдер, жамылғы көрпелер секілді керек-жарақ заттарды, сонымен қатар, рухани қазына саналатын түрлі кітаптарды әкеліп, орталыққа табыстады. Әсіресе, әлеуметтік бейімдеу орталығындағы Елена есімді көп балалы ананың балалары да назардан тыс қалмай, оларға арнап киім-кешектер үлестірілді.

Этномәдени бірлестік қайырымдылық акциясын өткізуге септігін тигізген «Довира» жастар қанатының көшбасшыларына, Атырау 06 Өңірі жастарына, Top Dance KZ би студиясына өз алғысын айтады.

                                                                                         Алтынбек Мерсадық

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған