Зияткерлік – өркениет үрдісі

Әлемдік өркениетке еніп, дамыған 30 елдің қатарына қосылуға білім-ғылым арқылы ғана жететініміз шындық. Ал, ұлттық рухымызды, ұлттық мәдениетімізді көтеру үшін «100 жаңа оқулық» жобасы бүгінгі қоғамға қажетті дүние бола білді.

1431123c9d404610393514d0504d8c49_crop_l_11_t_167_w_1672_h_941_resize_w_525_h_

Бұл туралы Елбасымыз: «Алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз» деген еді.

Сондай-ақ, әлемнің 100 үздік оқулығының қазақ тілінде шы­ғуы 5-6 жылдан кейін жеміс бере бастайтынына сенім білдірді. Осынау жоба арқылы ел студенттері әлемдік деңгейдегі жаңа сапада алған білімдері арқылы жаһандық бәсекеге қабілетті маман болып шығады. Рухани өресі биік, жан-жақты білімді, білікті маман келешек қоғамды алға сүйрейтін басты күшке айналады. Жалпы, оқулық дегеніміз – ұлттың санасын қалыптастыратын дүние. Әлемнің озық деген оқулықтарын аудару арқылы біз білім, ғылым саласындағы озық ойлы жастардың санасына құйып, алдыңғы қатарлы мемлекеттермен тең ойлай алатын, бәсекелесе алатын ұлтты қалыптастырамыз. Осы арқылы, біздің оқу орындарындағы мазмұн және академиялық талқы деңгейі әлемнің ілгері ғылыми орталықтарының деңгейіне шығады.

Мемлекет басшысы ұсынылған кітаптар қазақ тіліне түпнұсқадан аударылғанын айрықша атап өткен еді. «Бұл – ауқымды энциклопедиялық ізденіс арқылы адамзат дамуының көкжиегіне жол ашатын кезең. Бүгінде зияткерлік даму үрдісінен туындаған тың серпіннің арқасында рухани революция бастау алып келеді» деді Президент.

Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылдардағы қиын-қыстау кезеңнің өзінде талантты жас буынды әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарына жіберіп, олардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасағаны белгілі. Бүгінде бұл жұмыстар бір ізге түсіп, жүйелі сипат алды. Бұл еліміз жастарының жоғары ғылыми стандарттарға сай білім алуы – Елбасының басты назарында екенінің айғағы. Сол игі істердің заңды жалғасы ретінде Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге асырылып отыр. Сондықтан ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары бұл бастаманы ең алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға деген ұдайы қамқорлығы деп бағалайды.

Гуманитарлық ғылымның барлық бағыты бойынша қазақ тіліндегі оқулықтардың қажеттілігі объективті факторлармен анықталады. Яғни, білім мен ғылым саласында мемлекеттік тіл ұстанымын күшейту, сондай-ақ, қазақ тілінде оқып жатқан студенттер үлесінің тұрақты өсуін қалыптастыру. Оның үстіне, жастарды мемлекеттік тілде әдеби оқулықтармен қамтуда кейбір күрмеулі мәселелер де жоқ емес. Ал, аударма жобасы қазақ тіліндегі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер саласындағы академиялық ғылымды дамытуға оң әсер етеді. Демек, ғылыми жұмыстарға әлемде болып жатқан заманауи мәліметтерге анықтама беретін жаңашыл теориялар енгізіледі.

Жанна ШАЯХМЕТОВА,

 Х.Досмұхамедов атындағы Атырау

 мемлекеттік университетінің  профессоры.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*