ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕР – АДАМ КАПИТАЛЫНЫҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

 

Себебі, адам ресурстарының өндірістік үдеріске қатысу дәрежесі кез келген мемлекеттің дүниежүзілік экономикада оның мүмкіндігі мен рөлін анықтайтын бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып табылады. Зияткер ұлт пен зияткер тұлғаны қалыптастыру стратегиясының қажеттілігі, өзектілігі, бұл мәселенің дер кезінде көтерілуі және Елбасының бұл мәселеге басты назар аударуы адам капиталының сапасын көтеруімен байланысты. Бұл идея мемлекеттік саясатты мәңгілік адами құндылықтармен байланыстыра білген ойшыл Президентіміздің арқасында жаңа сипатқа ие болды.

Осы бағытта Зияткерлік мектептер, Президентіміз ойлағандай, ұлттың зияткерлік әлеуетінің дамуына ықпал етуі керек. Ал, мектеп түлектері Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әл-ауқатын көтеру жолында өрелі үлес қосулары тиіс. Зияткерлік мектептердің басты міндеті бәсекеге қабілетті түлектерді даярлау ғана емес, сонымен қатар, өз тәжірибелерімен бөлісе отырып баршаға ортақ сапалы орта білімге қол жеткізу үшін Қазақстандағы орта білім беру жүйесін дамыту болып табылады. Президент қойған міндеттерді орындау үшін Зияткерлік мектептер инновациялық білім беру моделін әзірледі, олар үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені интеграциялауда.

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өз қызметін 2013 жылы бастаған болатын. Мектептің миссиясы – оқушылардың бойында қазіргі заманғы әлемде табысты болуға, өмірдің түрлі жағдаяттарында шешім таба білетін, қоршаған әлемнің алуан түрлілігі мен өзара байланыстарын түсінетін, ұжымда жұмыс істей алатын, өз-өзімен үйлесімді өмір сүре алатын дағдыларды қалыптастыру.

Біздің пайымдауымызша, Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері пәнді терең түсінуді талап ететін және өзінің білімін басқара алатын дағдыларды қажет ететін күрделі шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасап, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін талап ететін тапсырмаларды орындауда өз қатарларымен және мамандармен бірлесе қызмет атқара отырып, ақпараттық технологияларды шығармашылықта, тапсырмаларды оңтайлы шешуде және шешім қабылдауда үйлесімді пайдалана алады.

Қазіргі заман мектептердің түлектеріне жоғары талап қояды: жоғары дәрежедегі құзыретке ие болу, өз бетімен өмір сүруге және кәсіби қызметке шығармашылық тұрғыдан дайын болу. Адам көп жағдайда дайын рецепттер көмектеспейтін жағдайларға жиі ұшырайды. Мектепте алған зерттеу дағдысы оны бітірушіге кез келген жағдайда табысты болуға көмектеседі. Бұл кезеңде елдің білім беру жүйесінде білімді қолдану проблемасы барынша өткір қойылуда. Оқушылардың ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық қызметке қатысуын көздейтін бағыт барынша маңызды болуда. Нағыз осы бағыт оқушыда теоретикалық білімді практикалық тұрғыдан қолдана білу және қолдану дағдысын қалыптастырады.

Біздің мектепте оқу процесі зерделенетін проблеманың мән-жайына әбден түсінуді қамтамасыз ететін, әрбір оқушының жеке қатысуын және оның оқуға қызығушылығын арттыратын белсенді оқыту әдістерінен құрылған.

Мектептегі зерттеу қызметінің дағдыларын меңгеру оқушыларда базалық білім жүйесінің бар екендігін және зерттеу жұмысына тікелей қатысуды болжайды. Бірінші шарт теоретикалық және практикалық білім жүйесі, оқушылардың өз бетімен жасайтын жұмысы, ғылыми зертханалардағы практикалық сабақтары арқылы іске асырылады. Екінші шарт меншікті зерттеу жұмысын әзірлеу процесінде базалық білімді іске асырумен қамтамасыз етіледі.

Мәселен, зерттеу жұмыстарын және кеңейтілген зертханаларда биология, химия, физика және математика бойынша 3D технологияларды пайдаланып оқу процесін неғұрлым қызықты ететін тәжірибелер өткізуге мүмкіндік беретін барлық қажетті жағдай жасалған.

Мультитач экран мен компьютерді біріктіретін, қазіргі заманғы сынып талаптарына жауап беретін интерактивті үстел пайдалану оқушылардың оқуы мен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс істеуін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-тану қызметін ынталандыру, ғылымға, техникаға қызығушылықты қолдау, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау мақсатында олимпиадалар, элективті курстар өткізіледі.

Мектептердің түлектерінің бойында осындай дағды мен қабілеттердің қалыптасуы Назарбаев Университетіне, үздік қазақстандық және беделді шетелдік жоғары оқу орындарына ойдағыдай оқуға түсуге және оқуларын аяқтауға мүмкіндік беріп отыр.

Айдарбек АЙТБӨКЕШЕВ,

Атырау қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»

 дербес білім беру ұйымы филиалының директоры.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*