Зиянды тағамдардың жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі құрамында қант, тұз және транс-майлары көп азық-түлік өнімдерінің жарнамасына шектеу қоюды ұсынды.

pochemu-chipsy-vredny-dlya-zdorovya

Министрліктің хабарлауынша, адам денсаулығына залал тигізетін мұндай тағамдарға шектеу қою дамыған елдердің тәжірибесінде бар.

“2018 жылы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасына құрамында қант, тұз, транс-майлары көп тағамдардың жарнамасын шектеу жөнінде толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. ЕАЭО аясында кедендік одақтың техникалық регламенттеріне денсаулыққа зиян қант, тұз, транс-майлар құрамына және олардың таңбалануына талаптарды күшейту тұрғысында толықтырулар енгізілуі қажет”, – деді денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой министрлік алқасының кеңейтілген отырысында.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*