ҰЖЫМ МЕРЕЙІ

Дәрігер-стоматолог, кәсіподақ ұйымының төрағасы Рақымжан Масабаев емхана қызметіне сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан Даңқы» орденімен, емхананың бас дәрігері Әсия Нарынбаева отандық экономиканы дамытуға үлес қосқан басшы ретінде «Сала көшбасшысы» белгісімен, жалпы тәжірибе дәрігері Гүлдария Ботанова «Денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі үшін» медалімен және аға медбикелер Бима Халикова, Гүлайым Қалауова «Жыл маманы-2014», бас есепші Нұржан Жаңбырбаев «Бухгалтерлік есеп және аудит-2014» ұлттық сертификаттарымен марапатталды.
Айта кетсек, емхана қызметкерлерінің бұл марапаттары – 2012-2013 жылдардың қорытындысы бойынша жеткен жетістіктерінің жемісі. Қазір медициналық мекемеде жетпіс қызметкер Геолог, Бірлік, Жаңа кірпіш, Теңдік селолары мен Мирас ықшамауданы және №496 стансасының тұрғындарына дәрігерлік қызмет көрсетеді.
– Біздің ұжымның медициналық емдеу орындары арасынан көшбасшы атануы қызметіміздің сапалылығында деп білеміз. Кәсіби мереке қарсаңында үлкен қуанышқа кенеліп отырмыз. Халық саулығын басты назарда ұстау – денсаулық сақтау қызметкерлеріне жүктелген үлкен міндет. Сондықтан, алдағы уақытта бұдан да жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын, – дейді бас дәрігер Әсия Нарынбаева.

Айгүл ЕРТІЛЕУ,
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*