ЖЫЛЫОЙДА – ЖАҢА МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕН

Алғашқы сөзді облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев алып, облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің атынан жылыойлықтарды мерекемен құттықтады:

Отан үшін өмірлерін қиған жауынгерлердің ерлігі мен қаһармандығы алдында тағзым ететін қасиетті де қастерлі бұл «Мәңгілік алау» мемориалдық кешені  абстракт  стилінде қашап жасалынған. Ол – «Қайғылы ана» мүсінінен, қазақ жауынгерінің бейнесі бар, биіктігі 9 метрлік стелладан және соғыстан оралмаған боздақтардың есімі жазылған тақталардан тұратын композиция.

Бұдан соң аудан әкімі Мақсым Ізбасов тұрғындарды осы саябақтың ашылуымен құттықтап, мұндағы мемориалдық кешен туралы айтты.

Соғыс ардагері Қыдырбай Жақсыбаев ұрпақтарына бейбіт күн тілеп, ақ батасын берді. Бұдан соң аудандық мешіттің бас имамы Арман Исаев соғыстан оралмаған боздақтардың рухына бағыштап дұға оқыды.

Перизат ҚИЗАТОВА, Жылыой ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*