Жылыой ауданында су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жүргізілуде

Атырау облысының Жылыой ауданында су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде Жем өзені мен Құрсай өзегінің жағасын бекіту, қамыстан тазалау шаралары өткізілді.

IMG-20180403-WA0004

Жылыой ауданының әкімі Əлимұхаммед Құттымұратұлы көктемгі су тасқынына қатысты қауіпті учаскелерге арнайы барып, жұмыс процесімен танысты. Жем жəне Қара Арна ауылдық округтеріндегі дайындық жұмыстарының деңгейін бақылады.

IMG-20180403-WA0003

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аудандық әкімдік жергілікті полиция, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып, Құлсарыдағы қалаішілік Құрсай өзегін қамыстан тазартқан болатын.

Айдос Қарабала

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*