Жылыой ауданында 88 үйге жарық шамдары орнатылды

Жылыойда екі айда 88 үйге жарық шамдары орнатылды. Бұл демеушілер тарапынан жүзеге асты, деп хабарлайды Жылыой аудандық әкімінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2018-09-12 at 15.01.25

Жылыой ауданы әкімі Азамат Бекет аудан және қала тұрғындарымен кездескен болатын. Кездесу барысында Құлсары қаласының ықшам аудан тұрғындары әкімге аулалардың қараңғы және тазалық мәселесі жоқ, жалдамалы пәтерлердің көптігінен осындай күй кешіп жатқанын айтып, шағымданған еді.

Ықшам аудандарды аралаған аудан басшысы алдағы уақытта аулаларды жарықтандыруды, таза ұстау үшін подъездер алдына қоқыс жәшігін орнату жұмыстарын жүргізу керектігін айтты. Екі ай көлемінде ықшам аудан іші жарықтандырылып, жалпы саны 88 жарық шамдары орнатылды. Сонымен қатар, әзірге бір аулаларда әр подъездерінің алдына шағын қоқыс салатын жәшік орнатылды.

-Бұл жұмыстар демеушілер көмегімен жүзеге асуда. Орнатылған жарық шамдары қазіргі уақытта қалаішілік көше шамдарымен бірге бір жүйеге біріктірілді. Сондай-ақ, аулаларды таза ұстау мақсатында қоқыс салатын жәшіктер орнату жұмыстары алдағы уақытта жалғасады, – дейді аудан әкімі.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*