Жылыой ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекеттің бұйрығымен аудан әкімінің орынбасары қызметіне Рашев Жантөре Сәкенұлы тағайындалды, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

38489387_288239211937898_6963024254702977024_n

Жантөре Сәкенұлы Рашев 1989 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары поселкесінде (қазіргі Құлсары қаласы) дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2011 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын «қаржы бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2008-2011 жылдары аралығында Құлсарыдағы «Олжа» АҚ-да еңбек жолын операторлықтан бастап, бухгалтер қызметіне дейін көтерілген.

2011-2012 жылдары Жылыой аудандық қаржы бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы, кейін бас маман болып жұмыс істеген.

2012-2017 жылдары Атырау облысының Тексеру комиссиясы Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне бақылау жасау бөлімінің бас маманы, №2 Бюджеттерді және мемлекеттің активтерін бақылау бөлімінің бас маманы, кейін бас маман-бақылаушысы, №2 Мемлекеттік аудит бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы, бас инспектор-мемлекеттік аудиторы лауазымдарын атқарған.

Ал, 2017 жылдың тамыз айынан күні бүгінге дейін №3 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудиторы болып еңбек етті.

Жантөре Сәкенұлы қызмет бабында ауданның экономика, өндіріс, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларына жауаптылыққа бекітілді.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*