Жылылық  сыйлаған  мереке

Қасиетті Құрбан айт мерекесі Атырауда жоғары деңгейде аталып өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінде айт намазын оқудан бастау алған мереке күні мешіттерге ағылған жұрттың қарасы қалың болды. Бұл күндері жамағатқа айтылған уағыз негізінен дін саласындағы өзекті мәселелерге арналды.

Бір ғана орталық «Иманғали» мешітінде айттың алғашқы күні 300-ге тарта отбасыға құрбандық еті таратылды. Ал, облыс бойынша 1000-нан аса мұқтаж жанұяға құрбан малының еті үлестіріліп, игілікті іс атқарылды.

Ұлттық ойын түрлерінен өткізілген спорттық жарыстарды айтпағанда, орталық «Иманғали» және Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінде балаларға 500-ден астам балмұздақ пен ойыншықтар сыйға берілді. Жүректерге жылылық сыйлаған қасиетті мерекенің жұртшылықтың есінде ұзаққа сақталары сөзсіз.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*