Жылу маусымына әзірлік қалай?

Облыста қысқа дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазір барлық күш жылыту маусымын өз деңгейінде өткізуге, ұйымдастыруға жұмылдырылған.

216353562_4_1000x700_prochistka-kanalizatsii-santehnik-uslugi_rev001

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің бөлім басшысы Жасұлан Айтқазиевтің айтуынша, жергілікті энергетикалық нысандардың қысқа әзірлігі басты назарда ұсталып отыр. Қазір «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ, «Атырау-Жарық» АҚ, «KEGOC» Батыс филиалы, электр қуаты және жылу энергиясымен қамтамасыз ететін барлық ірі кәсіпорындарда жоспарлы жұмыстар жүзеге асуда.

«Атырау жылу-электр орталығы» АҚ бойынша қысқы маусымға дайындалу үшін 25 іс-шара жоспарланған болатын. Қазір олар белгіленген мерзімде орындалып жатыр. Атап айтқанда, №2 және №11 қазандық, сондай-ақ, №5 турбогенератор күрделі жөндеуден өткізілді, – деді аумақтық департамент өкілі.

Ал, №6 турбоагрегатты күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға таялды. №9 қазандықты дайындау жұмыстары жалғасуда. «Атырау-Жарық» туралы да осыны айтуға болады. Мұнда 237,8  шақырым (110 кВ) және 170 шақырым (35 кВ) электр жеткізу желілерін күрделі жөндеу жоспарланған. Күзгі-қысқы кезеңге арналған нысандарды дайындау үшін «KEGOC» Батыс филиалының 107 шақырымдық электр жеткізу желісі, сонымен қатар, негізгі жабдықтардың күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*