Жылойлық полицейлер баспаналы болды

Жылойда аудандық ішкі істер бөлімінің 9 полицей қызметкеріне пәтер кілті табыс етілді.

27993007_518719508528475_166462073692564443_o

Салтанатты шарада Жылой аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы полиция полковнигі Марат Тағаниязов қызметкерлерді құттықтап, Атырау облысы ішкі істер департаменті бастығы полиция полковнигі Дүйсембаев Аян Сәбитұлының игі бастамаға себепші болғандығын атап өтті.

Баспаналы болғандардың бірі – Жылыой аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің қызметкері Асылбек Иманалиев. 31 жастағы аға сержант ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 2009 жылы бастаған. 3 бала тәрбиелеп отырған әке өзіне тиесілі шаршы аумаққа қолы жеткеніне қуанышты екенін білдірді. Өйткені, ол да өзге полицейлер секілді жалдамалы пәтер тауқыметін тартқан.

Ішкі істер бөлімінің басшылығы қызметкерлерді баспанамен қамту мәселесі алдағы жылдарда жоспарлы жалғасатынын жеткізді.

Назым Әліпмұратова

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*