Жылнама «Еріктен» басталады

Газет және оқырман

1966 жылы газеттің маңдайшасында «Шығуына 31 жыл» деп жазылып келді. Бұл да отызыншы жылдардан кейін дүниеге келгендер болмаса, егде тартқан, көзі қарақты адамдарды ойландырып жүрді.

Screenshot_1

Оларды ойландырған екі мәселе: Біріншісі – шығуына 31 жыл болғанда 1935 жылға дейін Гурьевте ана тілінде газет болмаған ба? Оған кім сенеді? Екінші – баяғы өзіміз оқып, көзіміз қаныққан «Ерік», «Жұмыскер тілі», «Ленин жолы» осы газеттің алғашқы беташары болып саналмай ма? Шынында, олардың ойы дұрыс. Өйткені, ірі өндіріс орталығы болған Гурьевте 1935 жылға дейін газет болмапты дегенге кім нанады? Содан газеттің шығуын «Еріктен» басталық деген пікір туды. Олай болса, газеттің санын да өзгерту керек. Мұны қалай анықтаймыз? Ол үшін Мәскеуге барып, алғашқы газеттердің санын анықтау керек болды. Осы мақсатпен Мәскеуге барып анықтағаным – «Еріктің» 50 саны, «Жұмыскер тілінің» 360 саны, «Ленин жолының» 172 саны шығыпты. «Социалды құрылыстан» басталған нөмір өзімізден табылды. Осы деректерге сәйкес, облыстық партия комитетінің шешімі бойынша газеттің маңдайшасына «1923 жылғы 1 сәуірден бастап шығады» деп жазылды, газеттің нөмірі де өзгерді.

Берік ҚОРҚЫТОВ,

2003 жыл.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *