ЖЫЛАН ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?

Ал, 1929 жыл қандастарымыздың мал-мүлкін тәркілеумен қазақ тарихы парақтарында сақтаулы. Ал, 1941 жылы сұрапыл соғыс басталды. 1953 жылы Сталин көз жұмса, 1989 жылы Арменияда алапат жер сілкінісі орын алғаны есте. Сондай-ақ, 2001 жылы 11-қыркүйекте лаңкестер мінген екі ұшақ Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығы ғимараттарына соғылып, қос мұнараны талқандады.
Алайда, Жылан жылы көптеген игі істердің бастамасы болған. Әсіресе, өнерлі, шығармашыл тұлғалар үшін өте қолайлы саналады. Мысалы, сол 1953 жылы Джеймс Бонд, Мерлин Монро сияқты мега-жұлдыздардың дәуірі басталды, сонымен қатар, бұл түрлі-түсті теледидар пайда болған, алғашқы Оскар сыйлығы берілген жыл екені белгілі.
Шығыс жорамалы бойынша Жылан – данышпандықтың, ерік-жігер, көрегендіктің, ақыл-ойдың нышаны.
Жұлдызшылардың жорамалдауынша, мансап мәселесінде биыл ғылыммен айналысатындар мен зерттеушілер үшін сәтті жыл болмақ. Сол сияқты, әртістер, жазушылар, музыканттар мен суретшілер және тағы басқа шығармашылық саладағы мамандарға да қолайлы, жаңа серпін әкелетін, шыңдалатын уақыт болады деп күтілуде.
Келіп жеткен Жылан жылы елімізге құт-береке әкелсін!

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*