«Жыл журналисі» – Алтыншаш!

Басты жаңалық Жаңалықтар Шаһар шырайы

Кеше Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өңірдің өркендеуіне үлес қосып, қоғамдық жұмыста белсенділігімен ерекшеленген сала үздіктері анықталды. «Жыл адамы – 2018» аталымын «Өмір гүлі» мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық орталығының жетекшісі Тыныш Жақыпова иеленді.

????????????????????????????????????

Сонымен, «Жылдың мәдениет қызметкері» – Маруся Халидуллина, «Жыл мұғалімі»  – Асланбек Рамазанов,  «жыл   спортшысы» – Асқар Еспусинов, «Жыл дәрігері» – Айкияш Шунаева, «Әлеуметтік саланың  жыл  қызметкері» Құндыз Нурхиева болып танылды.

Ал, «Жыл кәсіпкерін» Асхат Бағыт, «Жыл құрылысшысын» Талғат Бисенов, «Ауыл  шаруашылығы саласының жыл қызметкерін» Қазыбек Қуаналиев, «Коммуналдық саланың жыл қызметкерін» Нұрбике Салыхова иеленді. Үздік құқық қорғаушы – Бауыржан Төлешов, мемлекеттік қызметкер – Алтынай Ерубаева атанды. Жалғас Ибраев пен Ринат Нұрғалиев «Ерлігі үшін» номинациясы бойынша марапатталды. «Жыл депутаты» Қанат Әзмұхановқа, «Белсенді депутат» атағы Қаршыға Жаумбаевқа табыс етілді.

«Жыл журналисі» болып әріптесіміз, «Атырау» газетінің мәдениет, білім, денсаулық бөлімінің аға тілшісі Алтыншаш Құрмашева танылды. Ол 2011 жылдан бері осы басылымда еңбек етіп келеді. Алтыншаштың Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрініс тапқан ұлттық құндылықтарды насихаттаған журналистік зерделеу тұрғысындағы жазбалары  оқырмандар тарапынан қызығушылық тудырды. Сондай-ақ, өңір журналистикасында өзіндік қолтаңбасы бар әріптесіміздің «Жандауа» қосымшасы көптің көңілінен шығып келеді.

Айбөпе САБЫРОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *