Жуырда үш әлеуметтік қызмет «бір өтініш» қағидасымен жүзеге асады

Алдағы уақытта мүгедектікті және еңбекке қабілеттіліктен айырылу деңгейін белгілеу процедурасы жеңілдетілмек. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты.

79888

Оның мәлімдеуінше, үш әлеуметтік қызмет (жасына байланысты зейнетақы тағайындау, базалық зейнетақы төлемдері мен БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы) бойынша құжаттарды қабылдау “бір өтініш” қағидасымен жүзеге асырылмақ.

«Нәтижесінде зейнеткердің барлық төлемдері оның бір банктік есеп-шотына түседі, мемлекеттік кепілдік төлемдер де бір мезетте жіберіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік төлемдерді белгілеу бойынша тағы алты мемлекеттік қызмет түрін проактивті етудің механизмдері жасақталып жатыр»,-деді Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар, вице-министр мүгедектік пен еңбекке қабілеттіліктен айырылу деңгейін белгілеудің жаңа ережелеріне тоқталды: «Біз осы саладағы қызметтерді композиттік форматта көрсетуге көшіруді жүзеге асырдық. Егер бұрын мүгедектікті белгілеу, жәрдемақыларды тағайындау және еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алу үшін адам үш ұйымға жүгінген болса, қазір тек бір ұйымға жүгінеді. Келешекте бұл өтініштер электронды түрде е-gov арқылы қабылданатын болады, медициналық-әлеуметтік сараптама өтініш берушінің жеке қатысуынсыз жүзеге асырылады деп жоспарлап отырмыз. Бұл сондай-ақ адами факторды жояды және сыбайлас жемқорлық қатерлерін төмендетеді”.

Тағы бір жаңашылдық – жуық арада жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесі енгізілетін болады. Электрондық форматқа ауыстырылған еңбек шарттары қағаз түріндегі еңбек кітапшаларынан бас тартуға мүмкіндік береді.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*