ЖУРНАЛИСТІҢ ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТІ

Әрине, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің арқасында, әсіресе, соңғы жылдары қарқынды даму үстіндеміз. Әлемді жайлаған дағдарыстан сүрінбей өттік. Мемлекеттік дәрежедегі іс-шараларды жүзеге асырып жатырмыз. Алайда, атқарылатын іс әлі де шаш-етектен. Тек соңғы сегіз-он жылда ғана тұрғын үй, жол құрылыстары нақты қолға алынды. Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарлама жүзеге асуда. Осындай игі істер, өзге аймақтармен қоса, Атырауда да жүзеге асып келеді. Облыста жасалып жатқан жұмыстардың негізгі бағыты – Елбасының халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмыссыздықты азайту, табысты көбейту, экономикамызды дамыту үшін жүктеген тапсырмалары аясында жасалып жатыр. Осы іс-әрекеттерді халыққа дер кезінде жеткізіп, орын алып жатқан олқылықтарды да көрсетіп отырсыздар. 
Бұқаралық ақпарат құралдары облысымыздың айнасы саналады. Біз, шындығын айтқанда, өз жұмысымыздың нәтижесін сіздің көзқарастарыңыз арқылы газет бетінен көріп отырамыз. Әрқашан қаламдарыңыз мұқалмасын, төл мереке құтты болсын!
Облыс басшысы өз сөзінде өлке тынысын жылнамалауда әр бұқаралық ақпарат құралының алатын орны ерекше екендігін атап өтті. Осыған орай, ізденімпаздығымен, шығармашылық шеберлігімен көзге түсіп жүрген бір топ журналиске облыс әкімінің атынан Алғыс хаттар табыстады. Атап айтсақ, марапатқа ие болғандар қатарында еңбек ардагерлері Айтқали Нұрғалиев, Бақыт Қоянақова, Виктор Шигаев, «Жайық толқыны» газетінің бас редакторы Фархат Балғожиев, «Қазақстан-Атырау» телеарнасының редакторы Ләззат Өтепова, Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің тілшісі Айбек Нәжімов, Жылыой аудандық «Кең Жылой» газетінің бас редакторы Сәулеш Шәтенова, облыстық «Атырау» газетінің тілшісі Дәулетқали Аруев, облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Найля Османова және Атырау облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз хатшысы Самал Абировалар болды. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-әдеби тақырыптарда жарияланған үздік журналистік шығармалары үшін қазақтың ғылыми журналистикасының негізін салушы, профессор Тауман Амандосов атындағы дәстүрлі облыс әкімі сыйлығымен «Қазақстан-Атырау» телеарнасының редакторы Балауса Халелова, Индер аудандық «Дендер» газетінің бас редакторы Сүйеу Халықов, Қазақстанның құрметті журналисі Аманқұл Тілеуғалиұлы және «Атырау» газетінің бөлім меңгерушісі Қосұйым Мұқашев марапатталды.
– Әр мамандықтың қыр-сыры терең болады. Алайда, журналистика мамандығы – қызығы мен шыжығы қатар жүретін мамандық. Менің ойымша, қоғамдық маңызы бар қызмет атқарып жүрген журналистер қауымы – жаны таза, өз жұмысынан ләззат алатын мамандық иелері. Атырау өңірінің тіршілігін, жаңалықтарын, орын алған оқиғаларын дер кезінде жедел түрде бүкіл республикаға танытып келген еңбектеріңіз өлшеусіз. Атырауда өткен үлкен шараларды шынайы түрде халыққа жеткізіп, қолға алынған үлкен жобалардың жүзеге асуына, облыс дамуына қосып жүрген үлкен үлесіңіз зор. Қазіргі таңда Атырау облысы өзге аймақтарға қарағанда көш ілгері келеді. Біздің қалыптасуымыздың басты мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын халыққа жеткізіп, жүктеген тапсырмаларды орындау. Осы орайда облыстағы екі облыстық, жеті аудандық және телеарна қызметі сапалы жұмыс атқаруда. Осы үшін сіздерге шексіз алғысымды білдіремін, – деді Бақтықожа Салахатдинұлы.
Әріптестерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаған Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, еңбек ардагері Бақыт Қоянақова журналистер қауымының басын қосып, мерекені елеп, құттықтап жатқанына алғысын жаудырып, облыс басшысына өзінің «Арбалау мен дорбалау» атты жыр жинағын сыйға тартты. Сонымен қатар, ардагер журналист Айтқали Нұрғалиев, Қазақстан Журналистер Одағы Атырау облыстық филиалының директоры Қуандық Батыров, «Алтын ғасыр» газетінің бас редакторы Жұмабай Доспанов, Атырау облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз хатшысы Самал Абирова және «Қазақстан» телерадио корпорациясы Атырау облыстық филиалының директоры Асқар Әшімов ақпарат айдынындағы әріптестеріне құттықтау тілегін жеткізді. Ал, «Жайық толқыны» газетінің бас редакторы Фархат Балғожиев сиясы кеппеген жыр шумағын арнады.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.
Суреттерді түсірген
Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*