Жұмабек Қаражанов Атырау қаласы әкімнің орынбасары болып тағайындалды

EGOV Саясат Шаһар шырайы

Atr. kz/18 – ақпан. «Осыған дейін Атырау облыстық тексеру комиссиясының аппарат басшысы болып қызмет еткен Қаражанов Жұмабек Байрақбайұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды» деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз – қызметі.

Бүгін 18 ақпан күні Атырау қаласы әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы аппараттық жиын кезінде Жұмабек Қаражановты қала әкімінің орынбасары етіп тағайындады.

Фото – Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз-қызметі

Еңбек жолын Атырау облыстық тексеру комиссиясының жетекші маманы лауазымынан бастаған ол әр кезеңде бөлім басшысы, аппарат басшысы лауазымдарын атқарды. Жаңадан тағайындалған әкім орынбасары енді экономика, қаржы, кәсіпкерлік, ветеринария және ауыл шаруашылығы мәселесі салаларына тікелей жауапты.

Еске сала кетелік, Жұмабек Қаражанов білім жоғары, Қазақстан – Британ техникалық университетін және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Экономика және бизнес» бакалавры, «Экономика және бизнес» магистрі мамандығы бойынша аяқтаған.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *