Кәсіпкерге қолдау көп

86786f269a7d8de2963c4c027a2046a4 2 Саясат

Жолдау жолдарынан:

«Бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырамын».

86786f269a7d8de2963c4c027a2046a4_2

Елбасы биылғы Жолдауында маңызды міндеттерді жүктеп қана қоймай, оларды орындау тетіктерін нақтылап берді. Әсіресе, халық табысының өсуіне кеңірек тоқталды.

Еліміз егемендік алғалы бизнес саласы дамып, кәсіпкерлеріміз аяққа нық тұрды. Көптеген әлеуметтік нысандар салынып, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылды. Елбасы атап көрсеткендей, 2010 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы іске қосылды. Енді оның қолданылу мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылмақ. Бұл бағытта жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлінгелі отыр. Демек, алдағы үш жыл ішінде кемінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашып, 224 миллиард теңге салық түсіруге және 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік бермек.

Қазіргі дамудың бір көрінісі – цифрландыру үрдісі. Осылайша, біз «қолма-қол ақшасыз экономикаға» бет бұрамыз. Салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелер интеграциясының аяқталуы әкімшілендірудің ашықтығын арттырады.

Сондай-ақ, келер жылдан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастау, яғни, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясы» жүзеге асырылмақ. Мемлекеттің мұндай қамқорлығын уақытша қаржылай қиындыққа тап болған адал салық төлеушілер ғана көретін болады. Мәселен, бірқатар кәсіпорындар ұлттық валюта бағамының әлсіреуіне, өндіріс қуатының кемуіне, түрлі табиғи апаттарға не басқа да өзгерістерге байланысты материалдық қолдауға мұқтаж болып жатады.

Нұрболат Сарманов,

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз