Көсемі мықты ел көксегеніне жетеді

EAC4658 Саясат

Елбасының жаңа Жолдауы – бүгінде ел өміріндегі маңызды жаңалық. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру елдің қуатын нығайтып, халықтың әл-аухатын да арттыратыны анық.

Бұл Жолдаудың әр жолдарынан анық аңғарылады. Халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтардың сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістерге тікелей атсалысуы сынды алты тарауында да ел дамуының таяудағы басымдықтары айқындалды. Елбасының Жолдауын жүзеге асыру  мемлекеттік органдарға, ұйымдарға міндет.

_EAC4658

Сондай-ақ, елге жаны ашитын, көзі ашық, көкірегі ояу, саналы азаматтың әрбіріне парыз. Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде ел ішіндегі кездесулерде халықтың тыныс-тіршілігімен таныспыз. Бұл тұрғыда Елбасы айтқан мәселелер халықтың мүддесімен тұтас үндесуде. «Көсемі мықты ел көксегеніне жетеді» дегендей,  Мемлекет басшысының  сарабдал саясатымен Қазақстан бұған дейінгі сын-сынақтарға төтеп беріп, алға адымдап келеді.  Ендеше, қазіргі Жолдауды да қазақстандық дамудың жаңа сапалы  сатысына көтереді деп қабылдауымыз қажет.

Баязи ӘБДЕШЕВ,

облыстық мәслихаттың депутаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз