Ауыл шаруашылығы алға басады

PwNb6K5b Саясат

Елбасы биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс саласын арттыру» атты Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

?????????????????????????????????????????????????????????

Ең бастысы, еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауылшаруашылық өнімінің экспортын 2022 жылға 2,5 есе көбейту. Бұл бағытта, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасында көп мәселе қамтылған. Айталық, облыста еңбек өнімділігін өткен жылғы 6387 мың теңгеден 2022 жылы 15890 мың теңгеге, ал, өңделген өнім экспортын былтырғы 3,8 млн. АҚШ долларынан 2022 жылы 9,5 млн. долларға жеткізу қарастырылған.

Сондай-ақ, заманауи агротехнологиялар ауқымды түрде тартылатын болады. Нәтижесінде, осы салада жұмыс жасайтын адам санын 9800-ден 8100-ге азайту көзделіп отыр. Өңірде 6432 гектар егістік алқапты электрондық картаға енгізу жұмыстары жоспарланып, қазір 7075 гектар егістік алқабы қамтылып отыр. Жайылымдық алқаптардан 8979 гектар жер электрондық картаға енгізіліп, жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Тағы бір басым міндет – ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету. Осы мақсатта биыл «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізде оқытуға жергілікті бюджеттен 55,9 млн. теңге қаражат бөлінді. Сөйтіп, 1325 адамды «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы оқыту жоспарланған. Күні бүгін мыңға жуығы оқытылып үлгерді.

Қазір облыстағы ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын бес колледжде 947 студент білім алуда. Олар аталған оқу орындарында негізгі бес мамандық бойынша оқытылады. Сонымен қатар, 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімі екі есеге көбейеді.

Агроөнеркәсіп кешеніне құйылатын инвестиция көлемі бес жылда 1,6 есеге өсіп, 7,5 млрд. теңгені құрайтын болады. Ал, экспорттың әлеуетін арттыру бағытында балық өнімдерін өндіру көлемі 1,9 пайызға арттырылып, 2022 жылы 12 847 тоннаға жеткізілмек. Уылдырық, терең өңделген, құтыға және басқа да ыдысқа салынған балық өнімдерін өндіру көлемін 8,3 пайызға өсіріп, 453 тоннаға жеткізу жоспарда бар.

Гүлзада ШАЛАҒҰЛОВА,

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы Атырау филиалының директоры.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз