Ауылға бар, ағайын!

EAC5776 e1548137297414 Жаңалықтар

Мектеп жасындағы ауыл балалары үлкен қалаларда білім алып, сол жақта тұрақтап қалуды армандаса, ал, қала баласының ауыл жайында тіпті ойы да болмайтыны рас. Бізді алаңдататыны да осы.

_EAC5776

Жуырда өткен Парламент Сенатының жалпы отырысында аграрлық секторда 2 500-ден астам маман жетіспейтіні жайында сөз болды.  Бүгінгі таңда ауылдағы маманның орта жасы 50-ден асса, ветеринарлар бойынша 58-60 жасты құрайды екен. Яғни, алдағы 10-15 жылда сала мамансыз қалуы әбден мүмкін. Жыл сайын оқу бітірген 5 000-ға жуық түлектің де басым көпшілігі ауылға бармай, өз мамандығына сай келмейтін түрлі жұмыстарда жүреді немесе жұмыссыз қалады.

Бұл салаға қатысты сандардың өзінен-ақ жастардың ауылға бармайтынын, атакәсіппен айналысқысы келмейтінін айқын аңғаруға болады. Бір сыныпта орта есеппен 20-25 бала оқиды десек, соның 4-5 ғана ауылдағы ата-ананың жанына барса, қалған жиырмасы жан-жақта жүреді. Ал, сонда ауылға кімнің жаны ашиды?  Алдына барсаң ағын тосар ақкөңіл ағайынның жайын кім ойлайды?

Иә, «ауылда тудың ауылда қаласың, қалада өссең де ауылға көмек қыл» деген қатып қалған қағида жоқ. Ол әр адамның бойындағы адамгершілік қасиетіне, отансүйгіштік сезіміне байланысты. Алайда, қаладағы тар пәтерде тірлік етіп, екі қолға бір күрек таба алмай, бос сенделіп немесе құмар ойынның құлы болып жүргендерді көргенде «ауылға барып қызмет қыл» деп айтқың-ақ келеді. Өйткені, ауыл  – алтын бесігіміз. Кім-кімді де еңбекқорлық пен адамгершілікке тәрбиелеп, ұлттық қасиет пен құндылықты бойыңа сіңіреді. Ұлтжандылық пен патриоттылыққа баулиды. Айтпағым – әр азамат ауылын ұмытпаса екен.

Шіркін, мен де ауылға барсам ғой!..

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз