Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан жәбірленушінің отбасына 4 млн. теңгеден астам өтемақы өндірілді

Атырауда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан жәбірленушінің отбасына 4 млн. теңгеден астам өтемақы өндірілді. Оқиға орнында көз жұмған жәбірленушінің жолдасы талап қоюшы ретінде сотқа жүгінген.

ФОТО - АВАРИЯ

Сот отырысында анықталғандай, 2016 жылдың 29 қарашасында айыпталушы Атыраудағы №2 қалалық емхананың тұсында талап қоюшының жұбайын қағып кеткен. Нәтижесінде ауыр дене жарақаттарының салдарынан жәбірленуші қаза болған.

Жолдасының асырауында кәмелет жасына толмаған үш баласы қалып, қаза болғанның жанұясы моральдық зардап шеккен.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, Атырау қалалық соты талапты ішінара қанағаттандырып, айыпталушыдан талап қоюшының пайдасына 4 338 214 теңге көлемінде материалдық және моральдық залалды өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Айдос Қарабала

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*