Жол бойында қауіп көп

Аймақта жол қауіпсіздігін сақтау шаралары ұдайы жүргізілуде. Соған қарамастан, биыл онайда 266 жол-көлік оқиғасы тіркеліп,  елуден аса адам қаза болды. Үш жүзден астамы жарақат алған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

v-vologde-v-rezultate-dtp-s-dvumya-inomarkami-travmy-poluchil-10-letniy-rebenok-avarii_1

Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Мұрат Демегеновтің  мәлімдеуінше, мұндай келеңсіздіктер көлік жүргізушілерінің жол ережесі тәртібін бұзуынан орын алуда. Мәселен, автокөлікпен жолдың қарсы бағытына шығу деректері де жиі кездеседі. Жыл басынан бері мұндай он оқиға тіркеліп,  салдарынан 12 адам қаза тапты. Отыздан астамы әртүрлі дене жарақаттарын алған. Ал, балалардың қатысуымен алпыстан аса оқиға тіркелді. Өкініштісі, төрт бүлдіршін қаза болыпты.

«Бұл көрсеткіштер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бірнеше есеге төмендегені байқалады. Десек те, жол қауіпсіздігін қадағалау жұмыстары қашан да бақылауда. Көлік жүргізушілерінен басқа, жаяу жүргіншілермен де түсіндіру жұмыстары артуда. Өйткені, биылдың өзінде жолда жүру ережесін сақтамаған 3200 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды» деді М.Демегенов.

Брифингте әкімшілік полиция басқармасы   бастығының орынбасары Мырзалы Өтеғалиев облыста мұндай келеңсіздіктердің алдын алуда  қараша айында «Қауіпсіз жол» акциясы жүргізілетінін айтты.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*