Жоғары вольтті желідегі ақау салдарынан Атыраудың Азия жақ бөлігі жарықсыз қалды

16 қаңтар.Кеше, 15 қаңтар, сағат 20:45-те Атырау қаласының жартысына жуығы жарықсыз және сусыз қалды.

1

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат Қабдолов көшесінің бойында орналасқан жоғары вольтті желідегі электр энергиясын ажырату салдарынан туындаған. Сөйтіп, Жайық өзенінің сол жақ бетінде жарық толығымен өшкен.

Қалпынан келтіру жұмыстарына 5 арнаулы техника және «Атырау Жарық» АҚ-ның 16 қызметкері жұмылдырылған. Апат сағат 22:10-да қалпына келтірілді.

Айқара Ғұмар

Фото anpz.kz сайтынан алынған

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*