Жетістікке жетудің құпиясы неде?

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы «Жас саясаттанушылар мектебі» жобасы аясында  өңірдегі жоғары  оқу  орындары  мен  колледж студенттері  үшін  танымдық шара ұйымдастырды.

5fcc53eec4cc6af36b80744e0238b0d1

Жастар  қоғамда  өнегелі  істерімен  халық  ықыласына  бөленіп жүрген азаматтармен кездесіп,  оларды  жаңа қырларынан таныды. Облыстық мәслихат депутаты Гүлнара Садуақасова мен Атырау қалалық мәслихат депутаты Әлібек Семғалиев кездесудің басты қонақтары болды.

Басқосуда жастар танымал тұлғалардың жетістік құпиялары жөнінде сұрады. «Басшылық қызметіме дейін  қатардағы  бұрғышының көмекшісінен бастап,  түрлі лауазымдарды атқардым. Өзіме жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, қандай тапсырма  болса да мұқияттылықпен атқаруға тырыстым. Тәжірибелі, алдыңғы  буын  ағалардан  үйренуге  жалықпадым.  Депутаттық, кикбоксинг федерациясы президенті лауазымдарын ел үміт артқан міндетім, азаматтық парызым деп қараймын. Өйткені, бұл өмірде адамдық борышыңнан биік ешнәрсе жоқ» деді  Ә.Семғалиев.

«Жастардың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?» деген студенттердің сауалына ол  «Мен жастардың еңбекқор, заманға сай білімді, жан-жақты болғанын қалаймын. Осы игі қасиеттерді бойына жиған адам барлық жетістіктерге жетеді» деп жауап берді.

Ал, Гүлнара Садуақасова жастарды білім алуға шақырды. «Адам өмір бойы оқып, білімін жетілдіріп отыруы қажет» деді ол.

Кездесу соңында ерекше сауалдар  жолдаған  жастар марапатталды.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*