Жетінші көпір транзиттік жүк тасымалын жақсартады

Атырау облысы – туризм саласы бойынша көрсеткіші төмен өңір. Осы олқылықтың орнын толтырудың бірден-бір жолы – Сарайшық, Ақтөбе-Лаэти секілді көне қалалар орнынан ашық аспан астындағы мұражай ұйымдастыру. Бұл – біраздан бері айтылып келе жатқан мәселе.

Жаңа жоба

Жаңа инженерлік нысан өңірдің автокөлік қатынасын жандандырып, еліміздің экономикалық дамуына оң ықпал ететініне шүбә жоқ. Айта кетейік, бұл – мұнайлы өңірде Жайық өзенінің үстінен салынып жатқан жетінші көпір.  Ол Ақтөбе–Атырау–Астрахан және  Атырау–Орал бағытындағы жол қатынасын же-ңілдетеді деп күтілуде. Жол қашықтығы жүздеген шақырымға қысқарып, жүргізушілер қалаішілік кептелістен құтылады. Сондай-ақ, Жайық өзенінің екі бетінде орналас-қан аудан тұрғындарының барыс-келісі де жеңілдейді. Елді мекендерде шағын және орта бизнестің дамуына, жол бойы инфрақұрылымына игі әсерін тигізбек.

– Алдағы уақытта осы көпірдің маңынан екінші типтегі логистикалық орталық салу жоспарлануда. Сол секілді,  жылжымалы жедел медицина бекеті болады. Аудан кәсіпкерлері бұған үлкен қызығушылық білдіріп отыр, – дейді Махамбет  ауданы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев.

Қазір құрылыстың 70 па-йыздан астам бөлігі аяқталып қалған. Он шақырымдық көпірге кіреберіс жол дайын. Негізгі 14  тірек-баған орнатылып болды. Жұмыстың кідіріссіз жүруі үшін құрылыс маңына көшпелі бетон зауыты орнатылған. Мұнда қолданылатын құрылыс материалдарының дені – отандық өнімдер.

– Көпірдің табаны 64 тоннаны, үлкен қанаты 120 метрді құрайды. Ол бетон мен арматурадан тұрады. Енді оны жылжытып, арғы бетке жеткізу керек. Оған бір ай мерзім керек, – дейді мердігер мекеме өкілі Парвиз Ахмедов.

Ерекшелігі сол, көпір толықтай темір-бетон қондырғылардан құрастырылуда. Қос жолақты автокөлік жолының ені – 10 метр. Сондай-ақ, екі шетінде жаяу жүргіншілерге арналған жолдар қарастырыл-ған. «Көпірдің ұзындығы 660 метрге дейін созылады. Ал, жалпы ұзындығы – 8,5 шақырым. Оның үстінен 120-180 тонналық автокөліктер өте алады» дейді жоба инженері Жасұлан Тәшкенбаев.

 Бақберген Төленұлы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*