ЖЕТІ ЖАСАР СПОРТШЫ

Екі жылдан бері Атырау қаласындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне таэквондодан жаттығуға барып жүрген Рахат алғаш рет былтырғы қаңтар айында бағын сынап, спорт мектебіндегі барлық жаттығушы балалар арасынан 28 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды иеленді. Бұдан кейін Жеңіс күніне орай Рудный қаласында өткізілген балалар мен жасөспірімдер арасында таэквондодан Қостанай облысының турнирінде ІІІ орын алып, жақында Жылыой ауданы Құлсары қаласында халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткен қалааралық ашық чемпионатта тағы да қола медаль иеленді. Осылайша, сайысқа Ақтөбе, Орал, Ақтау, Жаңаөзен, Тараз қалаларынан қатысқан қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан кішкентай спортшы Атыраудың атағын әуелетіп оралды. Қазір Р.Талғатов 18-19 маусым күндері Алматы облысында өтетін халықаралық турнирге дайындық үстінде. 
Ал, алдағы қыркүйек айында өтетін Қазақстан чемпионатында да бағы жанып, жүлделі оралса, Рахат облыстық құрама команданың қатарына қабылданбақ.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*