Жемтік іздеген жыртқыштар

Жақында «youtube» әлеуметтік желісінде Қашаған кен орнында түсірілген кәсіпқой бейнематериал пайда болды. Онда бір үйір қасқырдың жасанды «А» аралын аралап жүргенін көруге болады. Бұл видео аз уақытта жүздеген қаралым жинап үлгерген.

MzWeHbgIPwqU0zPM-lg

Видеоны түсірген мұнайшылардың сөздеріне қарағанда, жыртқыштардың саны жетеу. Шамасы, кемелердің бірінен шыққан тамақ иісі түз тағысын қызықтырған болуы керек. Аралдағы ғимараттардың біріне жақын келген қасқырлар мұзы жаңа қатқан өткелдің үстімен өтеді. Сөйтіп, келген іздерімен кері қайтады.

Геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Дүйсен Мырзағалиұлы бұл сирек кездесетін көрініс екенін айтады. Қалай болғанда да, байырғы барлаушы мұнайшыларға өте абай болу керектігін ескертеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*