Жеміс шырындары адам өміріне қауіпті болып шықты

Жеміс шырындары адам өміріне аса қауіпті болып шықты. Бұл туралы Lenta.ru басылымы жазады.

1427949483_l

Зерттеуге 30 183 адам қатысып, соңына дейін 18 мың ерікті сынақ нәтижесіне қатысқан. Мамандар қант диабетімен және жүрек қан-тамырлары ауруларымен ауыратын жандарды тізімнен алып тастапты.

Қатысушылардың шырын мен тәтті сусындарды және басқа да қант қоспасы көп өнімдерді қолдану жиілігі анықталған. Олардың ағзасындағы өзгерістерді алты жыл бойы бақылаған ғалымдар қайтыс болған қатысушылардың өліміне не себеп болғанын нақты зерттеді.

Белгілі болғандай, күніне шамамен бір литр тәтті сусын ішетін адамдар оны 30 миллилитрден артық тұтынбайтын қатысушыларға қарағанда, жүректің ишемиялық ауруларынан екі есе жиі көз жұмған екен. Ал басқа қант қопасы бар өнімдер адам өліміне әсер етпеген.

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*