Жемқорлықпен күрес бағытында марафон ұйымдастырылды

Атырауда сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған «Адал жол» марафоны өтті, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

20180426125621

Шараны Атырау облысы Жылой ауданы әкімі аппараты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп орталық алаңда ұйымдастырды. Шараға «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының партиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрлан Баймұрзаев, Арнайы мониторингтік топ жетекшісі, қоғам қайраткері Айгүл Соловьева, Республикаға танымал дизайнер, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты Ырза Тұрсынзада, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Равиль Тюлебаев, Арман Бердалин, Айбол Қозбағаров жəне Атырау облысы бойынша департамент басшысы Тоқтамыс Қадошұлы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында орталық алаңда аудандық жастардың «Жемқорлыққа жол жоқ» флешмобы өткізіліп, Жылыой ауданы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафон-эстафетасының туын Индер ауданына табыстады.

20180426125536

Арнайы мониторингтік топ құрамы биыл ашылып, өз өнімін беріп үлгерген «Жылыжай кешеніне» барды. Соңғы үлгідегі заманауи технологиямен өнім алып отырған кешен жұмысына оң бағасын берді.

Сонымен қатар, мониторингтік топ мүшелері «Аудандық жұмыспен қамту орталығының» жұмыс барысымен танысты. Жұмыспен қамту орталығы директоры Қ.Омаровтың мəліметінше, жаңа ғимаратқа замануи терминал қойылып жұртшылыққа сапалы қызмет көрсетілуде. Жыл басынан бері орталықта тіркеудегі 607 тұрғын жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, еңбекпен қамту шаралары, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жастар тəжірибесіне жолдау, кəсіптік оқыту бағдарламаларын ұсынатынын айтты.

Аудандық «Кең Жылой» мəдениет үйінде өткен аудан активтерімен жиын кезінде аудан əкімі Əлимұхаммед Құттымұратұлы ауданның əлеуметтік экономикалық даму көрсеткішін баяндай келе Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиянының басты бағыты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениет деңгейін қалыптастыру бойынша нақты кешенді іс-шаралардың аудан көлемінде əлі жалғасын табатынын атап өтті.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*