Әжелер мектебі «Наурыз» мерекесін атап өтті

Орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жанындағы Әжелер мектебі «Наурыз» мерекесін атап өтті, деп хабарлайды Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

9580 (3)

Абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер Атырау қаласындағы «Берекет» мейрамханасында бас қосып, жиында өкіл имам Батыржан қажы Берденұлы жиналғандарды мың жылдық тарихы бар Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Шығыс халықтарының дәстүрлі мерекесі – Наурыз бірнеше жылдан бері ЮНЕСКО аясында халықаралық деңгейде аталып өтіп келеді. Осылайша, ынтымақ пен берекені, бірлікті насихаттайтын әз-Наурыз әлемді шарлап кетті. Ең алдымен, Наурыз мерекесі – күн мен түннің жер бетінде теңелуін еске салады. Сонымен бірге, Наурыз мерекесі тойланып жатқанда табиғатқа жан біте бастайды, тіршілік оянады, өсімдік бүр жарады, ағаш гүлдейді. Әсіресе, ерекше тоқталып айтарлығы – осы Наурыз тойы күндерінде әр ел өзінің ұлттық дәстүрін, мәдениетін, әдет-ғұрпын жалпақ әлемге паш етеді», – деп Бас имам Батыржан Мансұров тілегін жеткізді.

Рухани басқосу аясында жаңа туылған сәбиге азан шақырылып, ат қойылып, енді-енді тәй-тәй басып келе жатқан бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Халқымыздың  әдет-ғұрыптарын паш еткен шарада ізгілік, бірлік тақырыбында да уағыз-насихат айтылды.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*