“Жекпе-жек” ұлттық спорт федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Атырауда “жекпе-жек” ұлттық спорт федерациясының жаңа президенті тағайындалды. Қазақстан Республикасы “Ұлттық спорт Жекпе-жек” Федерациясының директоры Ерназар Әлімбетов президент атанған Әлібек Аймұратовқа сәттілік тілеп, қызметімен құттықтады.

AvwZyK2bJko

Екі жыл ішінде Атырауда Қазақстан Республикасының чемпионаты, тұңғыш рет әлем чемпионаты өткізіліп, үлкен жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта да осы спорт түрінің дамуына, жастардың осы спортпен еш кедергісіз айналысуына бар күшімізді саламыз, – дейді Әлібек Аймұратов. Ол бұл қызметке дейін “Жекпе-жек” ұлттық спорт федерацияның координаторы қызметін атқарған.

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанға танымал спортшы, аралас жекпе-жектен “M-1 Challenge 87″ чемпионы, ұлттық спорт жекпе-жектен әлем чемпионы Арман Ашимов қатысты. Арман Атыраудағы жекпе-жек спортының жақсы деңгейде екенін, болашақта да үлкен жетістіктерге жететініне сенетінін айтты. Сондай-ақ,  Арман Ашимов жас спортшыларға шеберлік сағатын өткізіп, жекпе-жек спортының қыр-сырымен таныстырды.

Алдағы уақытта ұлттық спортты дамыту, халыққа насихаттау аясында Атырау қаласында үлкен жекпе-жек кеші өткізіледі деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың наурыз айында”Жекпе-жек” ұлттық спорт федерациясы құрылып, оны осы уақытқа дейін Бекбенбетов Мадыxан Икрамұлы басқарған болатын.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*