ЖЕКЕ МҮДДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗБЕЙДІ

Кездесу барысында ҚР Президенттігіне кандидат партия жұмысы мен өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

«Біздің сайлауалды тұғырнамамыз батыстық жалған мәдени құндылықтардан бас тартуға негізделген. Қазақстан халқы біздің ұстанымдарымызды қолдайды деп үміттенеміз!», – деді Тұрғын Сыздықов.

* * *

Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың Қостанай облысындағы сайлауалды штабы атқарылған шаралары туралы айтып берді.

«Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов насихат пойызы аясында біздің аймақта болып, өзінің сайлауалды тұғырнамасының бағыттарымен сайлаушыларды таныстырды. Соның ішінде «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы және «Большевичка» АҚ тігін фабрикасы ұжымдарының өкілдерімен кездесті», – деп хабарлайды партияның облыстық комитетінің жетекшісі А.Әлімбаев.

Өз жұмыстары туралы кандидаттың Солтүстік Қазақстан сайлауалды штабының жетекшісі С.Мартемьянов айтып берді. Оның хабарлауынша, кандидат Т.Сыздықов Петропавл қаласындағы «МұнайМаш» ЖШС және Мәмлүк ауданындағы ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесті. Сайлаушылармен кездесу барысында кандидат марксизм-ленинизм қағидаттарының ескірмеген және өзекті бағыттарымен таныстырды.

* * *

ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне үміткер Т.Сыздықовтың аймақтық сайлауалды штабтары сайлаушылар арасында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жалғастыруда. Кандидаттың Батыс Қазақстан облысындағы сайлауалды штабы өткізген және жоспарланған іс-шаралары туралы баяндап берді.  Өз кезегінде Т.Сыздықовтың Атырау облысындағы сайлауалды штабының жетекшісі Е.Дәулетқазиев аймақта үгіт-насихат науқаны қызу қарқын алғанын атап өтті.

«Жалпы алғанда, ҚКХП ұсынған Президенттікке үміткердің аймақтық штабы өз жұмысында ешқандай қиындық көріп отырған жоқ», – деп қорытты Е.Дәулетқазиев.

* * *

Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Екібастұз қаласында «Екібастұз-Энергоцентр» ЖШС ұжымының өкілдерімен кездесті.

«Жаһандану заманында батыстық құндылықтар жүйесі вирус секілді кең таралуда. Адамгершілік құндылықтар жүйесін өмірге деген қанағатсыз көзқарас алмастырды. Бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бірқатар күрделі мәселелер туындатуда», – дейді ол.

* * *

Тұрғын Сыздықов үгіт шаралары барысында Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының мұндай сайлауға бұрын да қатысып жүргендігін, қазіргі мүмкіндікті өз бағдарламасын жұртшылыққа жариялауға пайдаланбақшы екендігін айтып өтті. Осы мақсатта 26 наурызда үгіт пойызы жолға шықты. Ол Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Қарағанды мен Алматы қалаларына бармақшы.

Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы атынан Президенттікке үміткер Тұрғын Сыздықов 28 наурызда Астанада Еуразиялық гуманитарлық институт студенттерімен жүздесті. Оның барысында үміткердің сайлауалды штабының жетекшісі Айқын Қоңыров сөйледі. Ал, 30 наурызда  Елордада жылу-электр орталығы қызметкерлерімен кездесті. 31 наурызда Петропавлда  «МұнайМаш» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен және Солтүстік Қазақстан облысының Мәмлүк ауданы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесті. Сонымен қатар, 2 және 3 сәуірде Тұрғын Сыздықов Қостанайда «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы мен «Болшевичка» АҚ  ұжымдарында болды. Ал, 6 сәуірдеүміткер  республикалық сайлауалды штабта кеңес өткізді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*