Жеңіл өнеркәсіп жетістігі

Атыраудың жеңіл өнеркәсібі саласында 29 кәсіпорын жұмыс жасайды. Олардың өндірген өнімі 1,2 млрд. теңгені құрап отыр.

80457360825c01bb097376e8466

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлзада Қайырғалиеваның айтуынша, өзге елдің тозығын өзіміздің озық дүниемен алмастыруға мүмкіндік бар. Осы саланы өркендетемін деген кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалуда.

Мемлекет тарапынан орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бірнеше бағдарламалар қабылданып, жүзеге асты, – деді ол.

Былтыр облыс бойынша бизнесті қолдауға 1 млрд. теңге бөлінсе, биыл оның көлемі екі есеге жуық өсті. Қағаз толтыру азайып, құжат рәсімдеу жеңілдеді. Берілетін субсидияның көлемі ұлғайып келеді.

Жуырда облыстық әкімшілікте өткен жеңіл өнеркәсіп саласы қызметкерлерінің күнінде осындай оң өзгерістер айтылды.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*