Жайық өзеніндегі қауіпті жерлер қаперіңізде болсын

Күн суытып, өзенге мұз қатты. Атырау балық инспекциясының қызметкерлері әуесқой балықшылар үшін мұзда балық аулаудың ережесін сақтауды ескертеді.

ryibaki-reka-zima-na-ldu-5

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына сәйкес мұз қатқан мезгілден бастап сейсенбі және сәрсенбі күндері балық аулауға тыйым салынып отыр. Бұл туралы ATPress.kz тілшісіне Атырау орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы Ақжан Зұлқарова хабарлады. Балықты автокөлік және жүргіншілер көпірінің екі қапталынан 50 метр жақын жерден, сондай-ақ, түнде аулауға тиым салынды.

– Балық аулауға шыққан әуесқой балықшы өзімен бірге жеке төлқұжатын алып жүруі тиіс. Сондай-ақ, 5 келіден артық балық аулауға рұқсат етілмейді. Өзен жағалауын ластап немесе аталған шектеулерді бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, – дейді А.Зұлқарова.

Сонымен қатар, шұңқыры бар кей жерлерде балық аулауға шектеу қойылып отыр. Атырау қаласында мұндай тиым салынған бес орын бар. Олар:

– Ақжар ауылына қарама-қарсы жер;

– Теңдік ауылына қарама-қарсы жер;

– «Атырау Су Арнасына» қарама-қарсы жер;

– «Орал» мейрамханасына қарсы жер және Тұрғындар қалашындағы АМӨЗ-дің су айлағына қарсы жер болып белгіленген.

Рахым Қойлыбаев

Сурет автордың мұрағатынан

ATPress.kz сайтынан

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*