«Жайықтың жауһар жәдігерлері»

Астананың 20 жылдығына орай еліміздің Ұлттық академиялық кітапханада өткен көрме осылай деп аталды. Бұл Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің қорындағы туындыларды насихаттап, рухани құндылықты жаңғыртып, астаналықтарға мәдени демалыс сыйлауға бағытталған мәнді шара болды.

«Жайықтың жауһар жәдігерлері»

Музей өкілдерінің хабарлауынша, атыраулықтардың елордалықтарға тартуы ретінде ұсынылған көрмеде КСРО Суретшілер Одағының мүшелері Ш.Сариевтің, Ж.Шарденовтің, С.Мәмбеевтің, М.Кенбаевтың және жергілікті қылқалам шеберлері Қ.Досниязовтың, Қ.Амановтың С.Кәрібайдың бірқатар туындылары көпшілік назарына ұсынылды.

Сондай-ақ, он саусағынан бал тамған шеберлердің ағаш пен теріден дайындалған қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды. Көрмені облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Саламат Сабыр ашты. ҚР Парламент Сенатының депутаты Ғ.Дүйсенғалиев, ҚР Ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары Ө.Озғанбай және басқа да белгілі азаматтар лебізін  білдірді. Өлкенің жауһар туындыларын Елордадағы атыраулық ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері мен мәдениет саласының қызметкерлері және қала қонақтары тамашалады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*