«Жасырын тұтынушы» – жаңа жоба

Таяуда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы болып өтті.

memlekettik qyzmet

 Аталған топтың негізгі мақсаты – жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша проблемалық мәселелерді шешу, халықтың пікірін ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын   арттыруға бағытталған нақты ұсынымдар әзірлеп, қызмет берушілерге енгізу.

Жиын барысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, облыстық көліктік бақылау инспекциясы, сонымен қатар, Құрманғазы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша атқарылған жұмыстары және проблемалық мәселелері қаралып, олардың басшыларына мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес Департаменттің «Жасырын тұтынушы» әдісімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау және қолжетімділігін арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижелері қаралды.

«Жасырын тұтынушы» әдісі арқылы мониторинг жүргізудегі басты мақсат – қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді анықтау және сол анықталған кемшіліктер мен заң бұзушылық фактілерін жою болып табылады.

Аталған жоба шеңберінде Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері  тарапынан бірқатар кемшіліктер, заң бұзушылық және жасанды әкімшілік кедергілер сияқты фактілері анықталған.

Оларды жою және алдын алу мақсатында Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне және Денсаулық сақтау басқармасына тиісті ұсынымдар берілді.

Өз кезегінде, департамент басшысы және ведомствоаралық жұмысшы тобының төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында,  мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету және оларды электронды түрге көшіру бүгінгі күннің басты талабы екенін атап өтті. Осыған орай мемлекеттік органдарға көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу туралы насихаттау жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті ұсынымдар енгізілді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*